Бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ”Жыл үздігі – 2025” салтанатты кеші болды
🔹 ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2025🔹 Бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ”Жыл үздігі – 2025” салтанатты кешінде ”Жұмысшы мамандықтар жылы” ресми түрде қорытындыланып, Worldskills Kazakhstan – 2025 ұлттық чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен жастар мен сарапшылар облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

🔹 ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2025🔹
Бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ”Жыл үздігі – 2025” салтанатты кешінде ”Жұмысшы мамандықтар жылы” ресми түрде қорытындыланып, Worldskills Kazakhstan – 2025 ұлттық чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен жастар мен сарапшылар облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл мәртебелі шараға біздің оқу орнымыздан
колледж директоры Л.А. Баймаханова, “Прототиптеу” құзыреттілігі бойынша қатысушы Қарсыбай Патима және сарапшысы Абсаматова Құндыз, “Мектепке дейінгі оқыту” құзыреттілігі бойынша қатысушы Маханбет Әдемі және сарапшысы Жүсіпбекова Мөлдір қатысып, облыс әкімі орынбасарының алғыс хатына ие болды.
🔹 Жеңістеріңіз құтты болсын!
🔹 Білім мен біліктілік жолындағы табыстарыңыз еселене берсін!