СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР

Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дене тәрбиесі» кафедрасының он күндік аясында оқытушылар Ж.Кузибаев пен Қ. Баймбетовтердің ұйымдастыруымен кафедра оқытушылары арасында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» тақырыбында спорттық эстофеталық сайыс болып өтті .
Сайысқа үш кафедра қатысты. Эстофеталық жарыс өте көңілді және тартысқа толы болды.
Сайыс шарттарының ширақтық, жылдамдық әрі ептілік танытқан «Тілдер» кафедрасының оқытушылары І-орын жеңіп алды, «Дизайн және өнер» кафедрасының оқытушылары ІІ-орынды, «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары ІІІ-орынды қанағат тұтты.
Студенттерге білім бере жүріп, салауатты өмір салтын ұстана білген, кафедрасының жеңісі жолында ерекше спорттық формасын көрсете білген барша оқытушыларға алғыс білдіреміз.


Кіші футболдан ашық біріншілік

25 қазан Республика күніне орай Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен аудан мектептері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметшілері мен мұғалімдері арасында кіші футболдан ашық біріншілік болып өтті.
Ашық біріншілік Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектеп спорт залында өткізілді. Айтулы сынға 12 команда қатысып, өз ара жеңімпаздар анықталды. Тартысты өткен жарыста
I – орынды Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
II – орынды Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебі
III – орынды Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту орталығының құрама командасы жеңіп алды. Сонымен қатар төрешілердің шешімімен үздік өнер көрсеткен спортшылар әр түрлі аталымдар бойынша марапатталды.
Үздік қақпашы
Елемесов Аязхан Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту орталығының дене тәрбиесі әдіскері.
Жорабеков Есенғали Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің оқытушысы.
Үздік қорғаушы
Мұсабекұлы Марат Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің оқытушысы.
Ескендір Есқали Жетісай жоғары медициналық колледжінің оқытушысы
Үздік шабулшы
Асқаров Сәрсенбек Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектеп директоры
Артықбай Марат №4 Абай жалпы орта мектебі оқытушысы
Жарыс әрбір ойыншының отаншылдық пен жеңіске деген жігері жана түсті. Айтулы сынның колледж тарапынан сәтті ұйымдастырылуы мерейлі күнге деген тамаша тарту болды.


Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  2022 жылдың  22-қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы әдістемелік онкүндік аясында «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты оқытушылар арасында  спорттық сайыс өтті. Спорт адамның рухани әлемі үшін де, яғни оқытушылардың өз ісіне деген құлшынысын арттыру үшін де маңызды. Колледж оқытушылары үш командағы бөлініп «Көңілді эстафета» спорттық сайысына қатысты. Бес шарт бойынша өтілген бұл сайыста  «Тұлпар» командасы жеңімпаз болды.



Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл

 Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 12 сәуірінде дене тәрбиесі кафедрасының  «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» тақырыбында оқытушылар арасында көңілді эстафета өтті. Эстафетаға «Математика және информатика», «Филология» және «Өнер» бөлімдерінің оқытушылары қатысты.

Мақсаты: Қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген сүйіспеншілік арттыру және ынтымақтастық орта орнату.


Салауатты ұлт- салауатты ұрпақ

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі кафедрасының «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Салауатты ұлт- салауатты ұрпақ» тақырыбында кіші футболдан студенттер арасында жарыс өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттерді жылдамдылыққа, төзімділікке, ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Шын мықтының шақырамыз барлығын

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі кафедрасының  «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай «Спорт-еңбек, спорт-табыс саулығың. Шын мықтының шақырамыз барлығын» тақырыбында қазақ күресінен студенттер арасында колледж біріншілігі өтті.
Мақсаты: Қазақ күресін өскелең ұрпаққа дәріптеу, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жастар арасында достықты нығайту.


Ойшылдар ойыны

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі кафедрасының  «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Ойшылдар ойыны» тақырыбында студенттер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Мақсаты: Студенттердің ұлттық ойынға қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Салауатты өмір салты-ұраным, сен де қосыл, қалыс қалма, ұланым.

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі кафедрасының «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Салауатты өмір салты-ұраным, сен де қосыл, қалыс қалма, ұланым» тақырыбында студенттер арасында көңілді эстафета өтті. Мақсаты: Студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Білегі мықтының жүрегі мықты

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі кафедрасының «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Білегі мықтының жүрегі мықты» тақырыбында студенттер арасында қол күрестен жарыс өтті. Мақсаты: Студенттердің білек күшін жетілдіру, қол күресі ойынын насихаттау.


Тоғызқұмалақ үйірмесі

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Байымбетов Қуаныш Сапарбекұлының жетекшілігімен тоғызқұмалақ үйірмесі жүргізілуде.
Мақсаты: Тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту.


Футбол үйірмесі

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Үсен Нұрғали Тұрмаханбетұлының жетекшілігімен футбол үйірмесі жүргізілуде.
Мақсаты: Студенттердің денсаулығын жалпы спортқа болған қызығушылығын дамыту, шапшаң мықты спортшы даярлау. Балалардың ойлау қабілетін, санасын, байқағыштығын, алыстан болжау қасиетін дамыту


Алға жемқорлықсыз Қазақстан!

2021 жылдың 28 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Алға жемқорлықсыз Қазақстан!» ұранымен жастар спартакиадасы болып өтті. Спорттық іс-шараны дене тәрбиесі және спорт бөлімінің меңгерушісі Б. Нұрымбетов, спорт жетекшісі А.Тұрсынов және Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.
Шараның ашылу салтанатына колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жетібаева, ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Б.Абілдаев пен А.Нөкерәулеті, спорт майталмандары мен ардагерлері қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға оқу орнынан 30-ға тарта команда қатысып, кіші футбол, арқан тарту, үстел теннисі, қол күресі және воллейбол секілді спорт түрлерінен өзара мықтыларды анықтады.
Спартакиада соңында белсене қатысып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген жекелеген ойыншылар мен жүлделі орындарға ие болған командалар, жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.