2023 жылдың 2 маусым күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымынан құрылған топ мүшелері академиялық дербестік бағдарламасы бойынша әр түрлі елдердің жетекші колледждерімен ынтымақтастықты дамыту, халықаралық серіктестік қарым- қатынасты орнату мақсатында Өзбекстан Республикасының жоғары білім және инновация министрлігіне қарасты Ташкент қаласындағы аумақтық басқарма мамандарының арнайы шақыртуымен аталған мемлекетте болып, гуманитарлық-техникалық бағытта мамандар даярлап жатқан бірнеше колледждерінің оқу-техникалық базасымен , жұмыс бағдарламаларымен , сонымен қатар сапалы мамандар даярлау бағытындағы инновациялық жобалары мен тың ізденістерімен танысып қайтты. Іс сапар қорытындысында Ташкент қаласындағы «Алмазар жеңіл өнеркәсіп кәсіптік колледжімен” екі жақты меморандумға қол қойды.
Меморандумның.мақсаты : ” Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығы бойынша білікті жұмысшы мамандарын даярлау үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып ,тәжірибе алмасу. Бірлескен практикаға бағдарланған семинарлар, шеберлік.сыныптарын, онлайн конференциялар мен конкурстар өткізу, инновациялық жобалар.туралы ақпарат алмасу , академиялық ұтқырлық.бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізу .
Жеңіл өнеркәсібі дамыған көрші елдің білім ордасы мен мақталы аймақта орналасқан оқу орнымыздың арасында жасасқан меморандум сапалы мамандар бағытындағы жұмысымызға тың серпін беріп қана қоймай , аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің дамуына жол ашатынына сенімдіміз.