KITAPFEST-2023

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

     Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қонаев каласы “Балдәурен “оқу-сауықтыру орталығында “KITAPFEST-2023 ”  республикалық семинары өтті. Аталмыш семинарға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы ТжКБ бөлімінің бас маманы Р.О.Налжігітова жетекшілігімен 9 колледжден кітапхана қызметкерлері қатысып қайтты.        

    Семинарға қатысушы  кітапхана мамандарына “Окуга құштар колледж” Тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында атқарылатын іс-шаралардың сапасын арттыруға байланысты тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылып,жалпы жастарды оқуға тартуға, қызықтыруға және ынталандыруға бастайтын құнды ой-пікірлер айтылды. Сонымен қатар отандық “Атамұра”,”Альманах”, “Лантар Books” т.б. ірі баспалардың  кітап көрмелері  ұйымдастырылып,жаңа басылымдармен танысуға мол мүмкіндіктер жасалды. Семинар барысында қатысушылар оқулық авторларымен кездесіп,олардың шығармашылықтарымен етене танысты. Авторларға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып,қаламгерлердің ұсынған естелік кітаптарын қолтаңбаларымен алуы өте әсерлі сәт болды.

    Семинардың жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар табысталып,семинарға белсенді қатысқан тәжірибелі  мамандар марапатқа ұсынылды. Сол мамандар қатарында  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапхана меңгерушісі Г.Ю.Мизамиева “Құрмет грамотасы” марапатына ие болды.     

   Сондай-ақ ” Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығы әкімшілігі ұйымдастырған ойын-сауық кештері мен концерттік бағдарламалары семинардың әсерлі де сәтті өтуіне зор үлес қосты. Қатысушылар кітапхана қызметкерлері жұмыстарының сапасын арттыруға бағыт беретін осындай  семинарлардың өткізілуі жалғасын тапса екен деген көтеріңкі көңіл күймен, алдағы уақытта осы іс-шарадан алған ұтымды ой-пікірлер мен әдіс-тәсілдер,маңызды ақпараттар аясында жұмыс атқарамыз деген құлшыныспен тарасты.