Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбында кітапхана квесті өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерін кітап беттерінен ізденіп оқуға, танысуға шақыру, салт-дәстүрлердің ұғымы туралы мәлімет беру болып табылады.
Квест барысында студенттердің қазақ дәстүрлері туралы білімдерін квест тапсырма шарттары бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тексеру ұсынылды. Тапсырмалардың шарттарына орай әр деңгейден сәтті өте білген студенттер қазақтың қолданыстан шығып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік алды.
«Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбындағы кітапхана квесті соңында студент жастар қазақтың салт-дәстүрлері ме әдет-ғұрыптары жайлы кітаптармен танысып, кітапхана қызметкерлерімен пікір алмасты.





