Кіші футболдан сайыс

СПОРТ
 25 қазан Республика күніне орай Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен аудан мектептері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметшілері мен мұғалімдері арасында кіші футболдан ашық біріншілік болып өтті.
 Ашық біріншілік Т.Рысқұлов атындағы №20  жалпы орта мектеп спорт залында өткізілді. Айтулы сынға 12 команда қатысып, өз ара жеңімпаздар анықталды. Тартысты өткен жарыста  

I – орынды Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
II – орынды Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебі
III – орынды Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту орталығының құрама командасы жеңіп алды. Сонымен қатар төрешілердің шешімімен үздік өнер көрсеткен спортшылар әр түрлі аталымдар бойынша марапатталды.
Үздік қақпашы
Елемесов Аязхан Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту орталығының дене тәрбиесі әдіскері.
Жорабеков Есенғали Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің оқытушысы.
Үздік қорғаушы
Мұсабекұлы Марат Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің оқытушысы.
Ескендір Есқали Жетісай жоғары медициналық колледжінің оқытушысы
Үздік шабулшы
Асқаров Сәрсенбек Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектеп директоры
Артықбай Марат №4 Абай жалпы орта мектебі оқытушысы
Жарыс әрбір ойыншының отаншылдық пен жеңіске деген жігері жана түсті. Айтулы сынның колледж тарапынан сәтті ұйымдастырылуы мерейлі күнге деген тамаша тарту болды.