Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дене тәрбиесі» кафедрасының он күндік аясында оқытушылар Ж.Кузибаев пен Қ. Баймбетовтердің ұйымдастыруымен кафедра оқытушылары арасында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» тақырыбында спорттық эстофедалық сайыс болып өтті .
Сайысқа үш кафедра қатысты. Эстофедалық жарыс өте көңілді және тартысқа толы болды.
Сайыс шарттарының ширақтық, жылдамдық әрі ептілік танытқан «Тілдер» кафедрасының оқытушылары І-орын жеңіп алды, «Дизайн және өнер» кафедрасының оқытушылары ІІ-орынды, «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары ІІІ-орынды қанағат тұтты.
Студенттерге білім бере жүріп, салауатты өмір салтын ұстана білген, кафедрасының жеңісі жолында ерекше спорттық формасын көрсете білген барша оқытушыларға алғыс білдіреміз.





