Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде «Дене тәрбесі» кафедрасының онкүндігі аясында оқытушыларымыз Е.Әбіш, М.Қожабеков, Е.Бекназаровтардың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты – ұраным, Сен де қосыл, қалыс қалма, ұланым» тақырыбында үстел теннисінен колледжішілік жарыс болып өтті. Жарысқа оқу орнымыздың әртүрлі мамандықта оқитын 16 ер бала, 8 қыз бала қатысып, жеке – жеке жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысында қыздар арасында
I – орынды ДШБ19-9 тобының студенті Нұржанқызы Аружан
II – орынды МБТ21-9 тобының студенті Мүсірманқұл Ақтоты
III – орынды СТ22-9 тобының студенті Бекмұрат Ақнұр жеңіп алса, ұлдар арасында
I – орынды ДШБ22-1 тобының студенті Қалмомын Ерасыл
II – орынды КББ19-9/1 тобының студенті Бекайдарұлы Наурызбай
III – орынды ДШБ20-9 тобының студенті Әшірбай Мақсат еншіледі.
Бір айта кетерлігі, үстел теннисі оқу орнымызда өте мықты дамыған спорт түріне жатады. Мамыр айында Алматы облысындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында үстел теннисінен өткен ұлттық спорт лигасының ақтық сынында Түркістан облысының атынан өнер көрсеткен біздің колледж студенттері Мырзақұл Жарқынбек, Бекайдарұлы Наурызбай, Исмурзаева Дана, Нұржанқызы Аружан сынды спортшыларымыз жүлделі II – орын алып топ жарғанын айта кеткен орынды.




