Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжі «Дене тәрбесі» кафедрасының 17.10 – 03.11.2022ж аралығында «Салауатты ұрпақ – ертеңгі болашақ» тақырыбымен өткізілетін онкүндігі басталды. Онкүндіктің алғашқы күні оқытушымыз Жұмабаев Абу Бухарбаевич ДШБ22-1 тобымен «Тоғызқұмалақ – халқымыздың даналығының көрнісі» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді. Ашық сабақта оқытушы шеберлігі көрінді. Студенттерде белсенділік танытып, ұлттық ойын тоғызқұмалақ тереңіне бойлады.
Кафедра онкүндігінің алдағы күндері түрлі топтар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, әр күн бәсекеге толы болатыны аңғарылуда. Оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің осы жарыстарға қатысуға шақырып, Республика күні қарсаңындағы көңіл – күйдің жоғары болуына өз үлестерін қосады деген сенімдеміз. Жеңістеріміз көп, денсаулығымыз мықты болсын.





