Ұстаз жолы – ұлы жол

ІС-ШАРАЛАР

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде биылғы ұстаздар мерекесі «Ұстаз жолы – ұлы жол» тақырыбында өтті. Мерекелік кеш колледж директоры, п.ғ. к. Л. А. Баймаханованың құттықтауымен ашылып, сөз соңы ұстаздарды алғыс хатпен марапаттауға ұласып, барша ұстаздарға гүл шоқтары табыс етілді. Мараптттау ұстаз еңбегіне көрсетілген құрмет. Ұстаздарға арналған сазды бағдарламада ұстаз еңбегіне арналған керемет әндер орындалып, жырлар оқылды. Студенттер ұстаз мамандығының абыройын асқақтатып көрініс арқылы жеткізді. Барша ұстаздарға жоғары көңіл күй сыйлап, өз жұмысына деген шалқар шабыт сыйлаған іс- шара көтеріңкі көңіл – күйден бөлек, ұмытылмас сезім сыйлады. Шәкірттер ұстаз жолының ұлағатын, олар салған жолдың ұлылыққа бастайтынын тағы да бір ұғына түсті.