Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық

ІС-ШАРАЛАР

    Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 1  қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанаты  «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық » тақырыбында аталып өтті. Мерекелік  іс – шараны  колледж  директоры,  п.ғ.к  Л. А. Баймаханова ашып, барша ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.  Келесі кезекте сөз алған ұлағатты ұстаздар мен ата – аналар да ақ көңілден ақ тілектерін ағытып, колледжге деген құрметін танытып жатты. Сазды бағдарламада әсем би мен жүрек тебірентер әндер орындалып, жиынға қатысушыларға жоғарғы көңіл күй сыйлады.