2022 жылдың 23 маусым күні Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 26-маусым халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында дәрігер – мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы, Жетісай қалалық емханасының дәрігер –эпидемиологы Ш.И. Ермекова, колледж медбикесі Г. А. Ботабекова қатысты. Студент жастарға тақырыпқа сай есірткіге тәуелді адамдардың қиын өмірі және қоғамдық дерттің алдын алу, салауатты өмір салтын сақтану туралы слайд көрсетіліп, брошюралар таратылды. Дәрігер маман өмірлік жағдаяттардан мысалдар келтіріп, студент жастармен бірге талқылады және жағдаяттың дұрыс шешілу жолдарын үйретті. Өз кезегінде жастар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу туралы білетін мәліметтерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Құрметті жастар! Нашақорлық – қоғамның дерті. Бүкіләлемдік дертке әрбір азамат қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!





