Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде бітіруші топ студенттерінің қорытынды аттестаттауы өткізілуде. Биылғы ерекшелік 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы, 1304043-«Техник-бағдарламашы» біліктілігі бойынша қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан форматында өткізілуде.
Демонстрациялық емтихан – жаңа форматтағы инновациялық қорытынды аттестаттау.
Демонстрациялық емтихан тапсырған білім алушылардың білім сапасы төмендегіше бағаланады:
Біріншіден, жұмыс нәтижесі 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Бұл әр мамандықтағы ең жоғары шеберлік деңгейі, ұпайлар көптеген аспектілер үшін беріледі, олардың әрқайсысының тұжырымдамасында әр мамандық үшін белгілі бір құзыреттер көрсетілген.
Екіншіден, студент орындаған тапсырманы тәуелсіз сарапшылар, соның ішінде кәсіпорын өкілдері арасынан сарапшылар бағалайды. Емтиханның жариялылығы мен ашықтығы – оны өткізу қағидаттарының бірі. Көрермендер үшін емтихан барысын бақылауға болатын арнайы аймақ бар. Емтиханды онлайн бақылауға болады. Демонстрациялық емтиханнан өту нәтижесі бойынша бітірушіге дипломмен қатар Skills Passport-кәсіпқойдың электрондық паспорты беріледі. worldskills.kz сайтта емтихан тапсырушылардың төлқұжатымен танысуға болады.
Үшіншіден, емтихан CIS жүйесін (Competition Information System – демонстрациялық емтихан немесе WorldSkills чемпионаты кезінде ақпаратты өңдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету) қолдану арқылы өткізіледі.


