Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары» туралы №125 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылында бітіруші студенттерге кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беру үшін қорытынды аттестаттау комиссия мүшелері құрылып бекітілді. Қорытынды аттестаттау апталығы 16-30 маусым аралығына жоспарланып, 2022 жылдың 18 маусым күні 0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0108000 «Музыкалық білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша қорытынды аттестаттау басталды.


