2022 жылдың 7-10 маусым күндері аралығында Алматы облысындағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында үстел теннисі мен баскетболдан ұлттық спорт лигасының ақтық сайысы болып өтті. Әр облыстың мықты құрамалары қатысқан тартысты бәсекеде Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің құрама тобы үстел теннисінен жүлделі екінші орынды жеңіп алып, облысымыздың мерейін асқақтатты.Жеңіс тұғырына көтерілген Мырзақұл Жарқынбек, Бегайдарұлы Наурызбай , Исмурзаева Дана, Нұржанқызы Аружан сынды спортшы-студенттерімізді ( жетекшісі М. Қожабеков) және жүлделі орынға ие болмаса да , айтулы бәсекеде шебер ойын өрнегін көрсеткен баскетбол құрама тобын (жетекшісі Бекназаров Ерлан) қарсы алу іс-шарасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шарада колледж директоры, п.ғ.к Л.А. Баймаханова құттықтау сөз сөйлеп, құрама тобымыздың бас жетекшісі Ө.Ташкенбаевқа және барша спортшыларымызға алғысын білдірді. Колледж студенттері жеңімпаз спортшыларына құрмет көрсетіп, әннен шашу шашты. Біз де өз кезегінде мерейімізді асқақтатқан спортшыларымызға алдағы сындарда да жеңіске жете беруін тілейміз.



