Адалдықтың бастауы  – саналы ұрпақ

БІЛІМ

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 2022 жылдың 19 – сәуір күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен  І курс студенттерімен «Адалдықтың бастауы  – саналы ұрпақ» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – жастармен адамзат  бойындағы таза ниет – адалдық жайында пікірлесу. Ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті азамат болуға бағыттай отырып, адалдықпен өмір сүру – өмірдің басты заңдылығы екенін түсіндіру.

   Кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, жастар өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде жемқорлықсыз орта қалыптастыруда жастардың белсенділігі жоғары екендігі байқалды.