Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 11- сәуір күні «Тәрбиеші бағында» атты облыстық педагогикалық көңілді тапқырлар алаңы өтті.
Көңілді тапқырлар алаңын Білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру кафедрасының әдіскері Г.П.Дайырбекова алғы сөзді алып, колледж директоры Л.А.Баймаханова «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының қазіргі таңдағы жеткен жетістіктерін айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Көңілді тапқырлар алаңы негізгі үш шарт бойынша жүргізілді.
1.Таныстыру
- Қызықты тәжірбие алаңы
- Үй тапсырмасы «Ертегілер еліне саяхат»
Осы шарттар негізінде «Балдырған», «Күн шуақ» командалары сайысты. Сайыскерлерді бағалау үшін ауданымыздың «Күншуақ», «Аққайың» және «Зауытбек» балабақшаларынан арнайы шақырылған мамандар бағалады.










