Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде 12 – сәуір – ғылым саласы қызметкерлері күніне орай филология ылымдарының кандидаты, «Сырдария» университетінің Ғалым хатшысы, 2021 жылғы «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы» атағының иегері. Абенова Ләззат Усманқызы және философия докторы (PHD), қауымдастырылған профессор, 2019 жылғы «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» атағының иегері Абдуразова Перизат Әділбекқызымен кездесу өтті. Жастарды ғылыммен айналысу жолына бағыттау мақсатында ұйымдастырылған жиын қонақтары ғылым жолындағы жеткен еңбектері, жетістіктері жайлы ой бөлісті. Ләззат Усманқызы ғылым жолына түсуіне ұлы тұлға Абайға деген сүйіспеншілік, оны білуге, тануға деген құштарлық десе, Перизат Әділбекқызы ғылыми ізденісінің түпкі мақсаты – білім саласының дамуына үлес қосу екеніні айтты. Өз кезегінде ғылымға құштар студент жастар ғалым ұстаздарға сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында Ләззат Усманқызы өзінің «Әдебиеттану ғылымына кіріспе», «Шығармашылық шеберлік» оқу құралдарын оқу орнына сыйға тартты.


