Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 14.02.2022 ж Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған Ауған соғыс ардагерлері Жакияев Арынхожа, Жунисов Амангелді, Претов Оразбек, Сейдуллаев Қуаныш, Жассаков Байзак ағаларымыз Ауған жеріндегі отқа оранған он жылдың қасіретін, тарихта ең қайғылы жылдар болып сақталып, мыңдаған жастардың өміріне балта шапқан кездер жөнінде баяндады. Сондай-ақ, жастар мен ардагерлер сұм соғыс жайлы сұрақ-жауаптарымен пікір алмасты. Оқытушылармен мен студент жастар мерекелік концерт қойып, патриоттық әндер шырқап, іс-шараның әсерлі өтуіне үлестерін қосты. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу – қанымызға сіңген үрдіс. Бүгінгідей ауқымды шаралар арқылы біз әрбір отандасымыздың жүрегіне «Қазақстан» деген қасиетті ұғымды берік ұялатудамыз. Іс- шара соңында қонақтарды алғыс хатпен және арнайы сыйлықпен марапатталды.




