Жас маманның кәсіби дамуының құралы–өзін-өзі тәрбиелеу

БІЛІМ

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде  2022  жылдың 11 ақпан күні «Жас маманның кәсіби дамуының құралы–өзін-өзі тәрбиелеу» атты жас мамандар онкүндігінің аясында «Жеңіс кімге бұйырады?» тақырыбында  сайыс сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер үш топқа бөлініп, 7 шарт бойынша сайысып, google test бағдарламасы арқылы тест сұрақтарына жауап берді.Сайыс соңында «Жүйріктер» тобы жеңіске жетті.