Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 28 қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Жаңашыл кафедра-2022» байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын терең меңгерген, ақпараттық-коммуникатикативтік технологияларды жете білетін, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан креативті үздік жаңашыл кафедраны анықтау
Байқаудың міндеттері:
-педагогтың мәртебесін нығайту және оның беделін көтеру;
-үздік педагогикалық практикаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
-білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту;
-виртуалдық білім берудің кеңістігінде үздік бейне сабақтар қорын ұлғайту;
-педагогтардың үздік инновациялық жұмыстарының банкін құру және қолжетімді түрде жариялау;
Байқаудың мазмұнын қазылар алқасы мынадай өлшеммен анықтады.
1-кезең: Таныстыру- шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, кафедра кандидатурасын таныстыру, кафедраның өзіндік ұстанымы «Біздің кәсіби ұстанымымыз» атты оқытушының шығармашылық зертханасы (5 минут).
Бағалау критерилері
-Ұйымдастырушылық қабілеті
-Креативтілігі
2-кезең: Бейне сабақ- ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгілік оқу бағдарламаларында көрсетілген модульдеріне сәйкес келген тақырыпта қабылданады (ұзақтығы 15 минут)
3-кезең:Үздік инновациялық жоба-оқытушылардың заманауи педагогикалық технологияларды немесе олардың жекелеген элементтерін қолдана отырып оқыту формаларын, құралдарын, әдістерін ашатын нақты бағыттағы инновациялық жұмыстары(7-8 минут)
«Жаңашыл кафедра-2022» байқауының жеңімпазы «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасы



