Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 22-қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы әдістемелік онкүндік аясында «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты оқытушылар арасында спорттық сайыс өтті. Спорт адамның рухани әлемі үшін де, яғни оқытушылардың өз ісіне деген құлшынысын арттыру үшін де маңызды. Колледж оқытушылары үш командағы бөлініп «Көңілді эстафета» спорттық сайысына қатысты. Бес шарт бойынша өтілген бұл сайыста «Тұлпар» командасы жеңімпаз болды.

