Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 27 қаңтар күні «Өмір мен ойлағаннан да керемет екен» тақырыбында психологиялық сағат өтті. Студент жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға негізделген іс-шараға студенттермен бірге оқытушылар да белсене қатысты. Бітіруші топ және І курс студенттері ынтымақтастық шығармашылық байланыстарын ортаға сала отырып, отбасы құндылықтары, өмір ғажайыптары туралы ой бөлісті. Адами құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара жоғары деңгейде өтті.



