Сүйіспеншілік жолындағы өмір
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің аясында «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында республикалық біріңғай өзін-өзі тану сабағы өткізілді.








Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 26-қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбында ғылыми – педагогикалық конференция болып өтті.
Мақсаты: Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату. Өзіндік іс-тәжірбиесімен бөліскен оқытушылар: Маматқасым С, Нұртаева Г, Сахова Д,Телхолджаева Н, Талипов М, Байымбетов Қ




Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 24-қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Қолданбалы зерттеулер әдіснамасы» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – оқытушылардың «Lessоn Study» мен «Іс-әрекеттегі зерттеу» туралы түсінігін қалыптастыру. Ұстаздарымыз К.Бозаевпен Ж. Аблаева Lesson Study сабағының өзіндік ерекшелігі мен артықшылығын түсіндіріп, өткізу барысын, оның қалыптастыру қадамдарын таныстырып өтті. С.Базарбаевамен С.Сабденова тренинг жаттығулар жүргізді.




Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 21-қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы әдістемелік онкүндік аясында «Жаңартылған білім беру мазмұны және мұғалімдердің біліктілігін арттыру» бойынша тренер Нұржан Сапарханұлымен тәжірибе алмасу сағаты өтті.



Ақпараттық және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 20 қаңтар күні «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты әдістемелік онкүндік аясында «Ақпараттық және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» тақырыбында психологиялық-тренинг өтті. Тренинг барысында психология пәнінің оқытушылары Ұ.Тәттібай, Ж.Балқыбекова, Б.Зулпыхаров әлеуметтік желілерден келіп жатқан ақпараттар ағымының пайдалы және зиянды жақтарын көрсете отырып, тренинг жаттығулар жүргізді.



