Татулық-ел бірлігі

ІС-ШАРАЛАР

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі 24.01.2022ж оқытушылар мен студенттер арасында «Татулық-ел бірлігі» тақырыбында кездесу болып өтті. Жетісай ауданы аумағында қоғамдық-саяси біртұтастықты сақтау, бірлік пен татулықты насихаттау, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік фактілерін, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік пен зиянды әдеттерге әуестікті болдырмау мақсатында өткен басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Айдарбеков Мейрамбек , Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Абдез Рахман, Жетісай АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Салтөреев Азамат, Жетісай қаласындағы “Нұр Алла” мешітінің имамы Нәлібаев Нұрғазы, колледж студенттері оқытушылары қатысты.Жиын барысында Азамат Салтөреев кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде болуларына тыйым салу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігін ескертті. «Бірлік түбі – береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы» – дейді шара қонақтары. Жиын соңында жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу ісінде күш біріктіріп, жұмыла күресуге уағдаласты.