Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол

СПОРТ

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол» деп ұлы Абай айтқандай, жарыс жолынан бір емес, екі спортшы – студентіміз олжалы оралып, баршамызды сүйіндіріп отыр. Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің IV-курс студенті Мырзақұл Жарқынбек Ақтау қаласында өткен «Ақбидай» республикалық VII ауыл спорты ойындарына спорттық үстел теннисі түрі бойынша қатысып, жүлделі III-орынға ие болса, III-курс студенті Нұржанқызы Аружан Алматы қаласында өткен үстел теннисі бойынша клубтар арасындағы халықаралық турнирінде жүлделі III-орынды жеңіп алды. Жеңіс баршамызға құтты болсын.