Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!

ІС-ШАРАЛАР КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

2021 жылдың  5  қазан күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледж  ұстаздары кәсіби мерекелерін атап өтті. Мереке күні таңнан шәкірттер ұстаздарын музыка әуенімен, гүл шоқтарымен күтіп алды. «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама барысында оқу орнында еңбек еткен ардагер зейнеткер-ұстаздар және қазіргі таңда қызымет етіп жүрген ұстаздар туралы  видеоролик көрсетілді.

   Педагогика ғылымдарының кандидаты, колледж  директоры Л.А.Баймаханова  ұстаздарды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген ұстаздар мен студенттерді марапаттады. Оқу орнының әр жылдардағы түлектері өмірде өз орнын табуға себепші болған ұстаздарына өз ризашылықтары мен ақ тілектерін арнап, онлайн құттықтауларын жолдады. Мерекелік кеште ұстаздар шәкірттерімен өнер көрсетті. Студенттер ұстаздарға деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әннен, биден шашу шашып, алғыстарын білдірді.