2021 жылдың 14 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ер балалармен семинар-кеңес өтті. Семинарды өткізудегі мақсат білім алушылардың құқықтық білімдерін және мәдениетін, жауапкершіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б. Жетібаева шәкірттерге оқу орнының ішкі тәртіп ережесі, оның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді. Жастарды тәрбиелеу ісінде елеулі еңбек етіп жүрген Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Әбдіқадыр қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды жауапкершілікті сезіну, құқық бұзушылықтың зияндылығы мен қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
