Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары

ІС-ШАРАЛАР

2021 жылдың 13 қыркүйек күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция капитаны Ж.Х Шалбекова, Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Д. Әбдіқадір қатысып, жастардың қоғамдық орындарда өзін ұстауы, қайырымдылық мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Жанна Хамитқызы «Зорлық – зомбылықтың алдын алу, сақтану жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесу соңы сұрақ-жауаппен қорытындыланды.