Өндірістік практика

БІЛІМ

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттермен жүргізілетін оқу-өндірістік тәжірибе жұмысы онлайн және офлайн форматында жүргізілуде. Өндірістік практика кезінде студенттер Жетісай қаласындағы «А.Байтұрсынов», «Д.Қонаев», «Алпамыс батыр» жалпы орта мектептері мен гимназия, лицейлерде теорияда үйренген білімдерін іс-тәжірибеден шыңдау үстінде.