Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап болсын жан азығың…» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Оқытушылар мен студенттер көрмеде 2020-2021 оқу жылында кітапхана қорына келген жаңа оқулықтармен танысып, жаңа басылымдар туралы пікір алмасты.
