ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ

👋Құрметті талапкерлер!

📁Құжаттарды қабылдау:

✅9 сынып негізінде: 20.06.2023

✅11 сынып негізінде: 20.06.2023

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – Сенбі
9:00 – 18:00


Мамандықтар бойынша конкурс жеңімпаздары

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім және жалпы орта білім базасында өткізілген мамандықтар бойынша конкурс жеңімпаздарын жариялаймыз

📣 Құрметті талапкер, ата-аналар!
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша құжат тапсыруға санаулы күндер қалды!
15 тамыз күні педагогикалық мамандықтар бойынша
құжаттар қабылдау тоқтатылады!
Біздің оқу орнымызды таңда да – арманыңызды ақиқатқа айналдыр.


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 02151000 «Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығы, 4S02151001 «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша 25-27.07.2022ж. аралығында шығармашылық емтихандар өткізілді.

Талапкерлер «Экзерсис пен комбинация немесе этюдтар және қойылымдар» және «Шығармашылық қабілеттерін айқындау» бойынша  екі шығармашылық емтиханды тапсыру барысында сахнада өлең оқып, ән шырқап, би билеп, актерлік шеберліктерін көрсетті.

Комиссия мүшелері талапкерлердің дене пластикасының әсем қозғалысы мен би қимылдарын музыканың сүйемелдеуімен  орындап, би қойылымдарының мазмұнын ашылуына баса назар аударды.

Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
2022-2023 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
02151000 «Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығы, 4S02151001 «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша өтініш білдірген талапкерлерді 25-27.07.2022ж. аралығында болатын шығармашылық емтихандарға шақырады.


Құрметті Талапкер-2022!
02151000 «Халықтық көркем шығармашылығы» мамандығы,
4S02151001 «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымның
жетекшісі, оқытушы» біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс
негізінде құжаттар күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20-шы шілде
аралығында қабылданады.
Би өнеріне құштар талапкер, колледжге
оқуға түсуге асығыңыз!!!


 Құрметті талапкер, ата-аналар!

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетысай гуманитарлық-техникалық колледжінің
Қабылдау комиссиясының жұмысы 25 маусымнан басталатынын хабарлаймыз.

Біздің оқу орнымызды таңда да – арманыңды ақиқатқа айналдыр


Құрметті Талапкер-2022!
Сізді, Ғ.Мұратбаев атындағы
Жетісай гуманитарлық-техникалық
колледжі сапалы білім алуға шақырады