Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»

ІС-ШАРАЛАР

2021 жыл  4 маусым күні  Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық  колледжінде  жоспарға сай  «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»  тақырыбында танымдық кеш өткізілді.  Кештің мақсаты  – студенттердің  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін  тереңдету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке,  халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.