Қазақша күрес үйірмесі

СПОРТ

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ганиев Нұрбол Көпбайұлының жетекшілігімен қазақша күрес үйірмесі жүргізілуде.
Мақсаты: Жастарды қазақ күресімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, халық арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту. Колледжде қазақ күресін өркендету арқылы, оны ұлттық идеяға жеткізу және халықаралық имиджді көтеру.