2021 жыл 27 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің әлеуметтік педагогының жоспарына сай кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында
«Өмір-таңғажайып әлем!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: жасөспірімдерге өмірдің ғажайып дүние екендігін, өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге насихаттау, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Тренинг барысында жастар өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салды, өмір жайлы әнді бірге шырқады.
