2021 жыл 27 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі әлеуметтік педагогының жоспарына сай кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты отбасы құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, отбасы мүшелерінің бір – біріне жақсы қарым – қатынастарын дамыту, қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету. Тренинг барысында студенттер ата-аналарына хабарласып өздерінің жақсы көретіндерін айтып, ризашылығын білдірді.
