2021 жыл 25 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің ТБ 20-9 тобының кураторы М.Құрметованың ұйымдастыруымен кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу. Кеңеске колледж мейірбикесі А.Акимова, жастар ұйымының инспекторы Д.Абишева, әлеуметтік-педагог Ж.Балқыбекова қатысты.
