Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары

ІС-ШАРАЛАР

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогика, психология және жаратылыстану кафедрасының «Жаңартылған білім беру-ізденіс пен тәжірибе» атты онкүндігі аясында сабақ жоспарын құрудың тиімді жолдарымен таныстыру мақсатында психология пәнінің оқытушысы Зұлыпхаров Бауыржан «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары» тақырыбында семинар өтті.