Мәңгілік ел жастары – индустрияға!

КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

Ғ. Мүратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» / «Серпін»/ жобасы бойынша бітіруші түлектер мен ата-аналармен түсінік жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру мақсатында ZOOM бағдарламасында онлайн –конференция болып өтті. Іс-шарада М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аймақтық өкілі , профессор, филология ғылымдарының докторы Жақып Мырзантай Қожабайұлы сөз алып, «Серпін» жобасы бойынша жұмыс күші артық оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастарына солтүстіктегі оқу орнына түсуге жасалып жатқан артықшылықтар жайында кең тоқталып өтті. Оның отаншылдықпен өрілген отты сөздерін колледждің биылғы жылғы түлектері зор ынтамен тыңдап, көкейін мазалаған сұрақтарын қойды. Сұрақтар бойынша қайтарылған жауаптар да көңілге қонымды, жерлестеріне деген тілектестік ниетпен көмкеріліп тұрды.Онлайн-кездесуді директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Аташов Сержан Құлдырақұлы жүргізіп отырды.