Сағынышпен күткен күн

ІС-ШАРАЛАР

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жыл 6 мамыр күні 7- мамыр Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Сағынышпен күткен күн» тақырыбында мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара барысында Ұлы Отан соғысының басталуы, жауынгерлерің ерлігі,тылдағы елдің тіршілігі қойылымдар арқылы көрсетілді. Жеңіс күнін тойлау, Отан қорғаушыларға деген құрмет, Тәуелсіз еліміздің жетістіктері қойылымдар арқылы көрсетілді.