Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі әлеуметтік педагогының ұйымдастырумен 2021 жыл 4- сәуір күні «Мейірімділік жүректе» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – студент жастарды қайырымдылық жасауға, қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Акциядан түскен қаржы оқытушылар мен студенттерден құралған комиссияның қатысуымен колледждегі тұл жетім және мүгедек студенттерге тапсырылды.
