21.04.2021ж. күні Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде “Студенттермен Unity бағдарламасында Android жүйесіне арналған бағдарлама құру” тақырыбында облыстық онлайн шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныбының мақсаты: Студенттерге кәсіби мультиплатформалы ойындардың қозғалысын және ойын құруды жеңілдетудің әдіс-тәсілдерін меңгерту, белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Android Studio бағдарламасын қолдана отырып, Unity бағдарламасында тиімді жұмыс істеуге баулу. Unity қозғалтқышының қыр-сырын үйретіп, олардың әлемдік деңгейде “Қазақ тіліндегі” ойындарды жасап шығаруға жол ашу. Колледж жас мамандары Ж.М.Талтанов пен Г.Ә.Әбдіғаппардың жетекшілігімен
“Кәсіптік білім беру” мамандығының 2-курс студенті Д.И.Батырхан “Jumper Android жүйесіне арналған 2D ойыны” тақырыбында жобасын қорғады.
