Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021 жылдың 12 сәуірінде дене тәрбиесі кафедрасының «Салауатты өмірге–салиқалы көзқарас» онкүндігі аясында «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» тақырыбында оқытушылар арасында көңілді эстафета өтті. Эстафетаға «Математика және информатика», «Филология» және «Өнер» бөлімдерінің оқытушылары қатысты.
Мақсаты: Қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген сүйіспеншілік арттыру және ынтымақтастық орта орнату.