
Балқыбекова Жансая Мұратқызы
Лауазымдық міндеті: Әлеуметтік педагог
Санаты: Екінші
Электрондық пошта: jansaya.balkibekova@mail.ru
Байланыс нөмері: 87023434310
Әлеуметтік көмек
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау-басты назарға қойылған. 2022-2023 оқу жылы басында директор жанынан құрылған өндірістік кеңес әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған білім алушылардың іс-қағаздарымен танысып, ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмектің түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» №320 қаулысы негізінде әлеуметтік көмек алушылардың тізімін анықтады.
Әлеуметтік көмек алатын білім алушылар санатына әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, түрлі топтағы мүгедек студенттер, көп балалы отбасынан шыққандар жатқызылады. Оларға жәрдемақы тағайындалып, шәкіртақы мен жолақыны уақытылы алу және жатақханадағы жай-күйі, психологиялық ақуалы, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы үнемі назарда ұсталады. Жатақханада тұл жетім студенттер тегін орналастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған студентерге жеңілдік қарастырылған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай әлеуметтік қолдаулар жастардың алаңсыз білім алуына жол ашып, болашаққа сеніммен қарауына негіз болады.
Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Жеке тұлғаның қабілеті мен қажеттілігіне лайық құзырлы білім мен тәрбие беру мақсатында колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер және ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізіледі.
Қыркүйек айынан әлеуметтік қызметтің негізгі жұмыстары жүргізілді:
-Әлеуметтік диагностика (тұлғаның жеке және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу)
-Әлеуметтік профилактика (тұлғаның әлеуметтік сәтсіздігінің алдын алу)
-Әлеуметтік коррекция (әлеуметтік түзету және оны дамыту)
-Әлеуметтік кеңес (мәселелерді шешуге көмектесу)
-Әлеуметтік білімді көтеру (әлеуметтік мәдениетті көтеру)




Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары
Мақсаты: Колледж студенттерімен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман студенттермен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және ерекше назардағы жасөспірімдермен әлеуметтік психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, колледж бен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
р/с | Атқарылатын іс-шаралар мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1. | 2020-2021 оқу жылында атқарылатын онлайн іс-шаралардың жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. | Тамыз | Т.Ж орынбасары әлеуметтік педагог, жастар ұйымының төрайымы, педагог-психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары, тәрбиешілер. |
2. | Студенттердің әлеуметтік деңгейін анықтау мақсатында топ кураторларымен бірге онлайн форматта диагностика жасау. | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог |
3. | Колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайлары туралы онлайн түрде мәліметтер жинау, колледждің әлеуметтік паспортын жасау. | Қыкүйек | Әлеуметтік педагог |
4. | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, мүгедек студенттерге онлайн психологиялық көмек көрсетіп кеңес беру. | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
5. | Жаңадан қабылданған топ студенттерімен, ата-аналарымен танысу мақсатында ZOOM арқылы жиналыс өткізу | 25.09.2021ж | әлеуметтік педагог, педагог-психолог, бөлім меңгерушілері, топ кураторлары |
6. | Салауатты өмір салты туралы студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай онлайн форматта кеңестер беру. | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
7. | Колледж психологымен бірге әкімшіліктің, пән мұғалімдерінің, топ кураторларының сұраныстарын қабылдау: студенттердің психологиялық ауытқушылығы, шиеленістік оқиғалар, отбасының сәтсіздігіне байланысты әлеуметтік педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізу, жекелей және топтық кеңестер беру (онлайн форматта). | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
8. | Әлеуметтік көмекті қажет ететін студенттердің ата-аналары мен топ кураторларының байланыстарын онлайн форматта бақылау. | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
9. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік мәртебеге ие студенттердің бос уақытын дұрыс өткізуіне (тынығу, демалыс, тәрбиелік іс-шаралар) онлайн форматта кеңестер беру. | Қазан | Әлеуметтік педагог |
10. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік мәртебеге ие студенттердің денсаулық картасын қадағалау. | Қазан | Әлеуметтік педагог |
11. | Көпбалалы отбасынан шыққан студенттермен онлайн сұхбат жүргізіп, олардың мұқтаждарын анықтау. | Оқу жылы ішінде | Әлеуметтік педагог |
12. | Жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастардан онлайн форматта кеңестер беріп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. | Оқу жылы ішінде | Әлеуметтік педагог |
13. | Студенттердің өмір сүру жағдайларына, қажеттіліктеріне әлеуметтік қолдау мен көмек беру, медициналық көмек көрсету мәселелерін талдау. | Оқу жылы ішінде | Әлеуметтік педагог |
14. | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қамқорлыққа алушылармен онлайн форматта байланыста болу. | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
15. | Әлеуметтік қамқорлықтағы студенттердің мерекелік іс-шараларға қатысуына жағдай жасау | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
16. | Әлеуметтік педагогқа қажетті әдістемелік оқу құралдарын жинақтау | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
17. | «Мұғалім мен студенттердің қарым қатынасының психологиялық жақтары» онлайн семинар-кеңес ұйымдастыру. | Сұраныс бойынша. | Әлеуметтік педагог |
18. | Педагогикалық кеңестерге есептер дайындау. | Сұраныс бойынша. | Әлеуметтік педагог |
19. | «Жасөспірімдермен дос бола отырып, ата-аналармен бірлесе тәрбиелеу» тақырыбында топ кураторларымен ZOOM семинар-кеңес өткізу. | 22.04.2021ж | Педагог-психолг, Әлеуметтік педагог |
20. | Жүргізілген диагностикалық жұмыстарға анықтама беру. | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
21. | Педагогикалық ұжым мүшелерімен бірлесіп жұмыс атқару және әлеуметтік қолдау | Үнемі | Әлеуметтік педагог |
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде білім алып жатқан стденттерді әлеуметтік жағынан қолдауды үнемі іске асырып келеді. Әлеуметтік қолдау ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмектің түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» №320 қаулысына сәйкес директор жанындағы өндірістік кеңестің шешімімен тағайындалады. Өндірістік кеңес шешімімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұл және жартылай жетім, мүгедек, көп балалы отбасынан шыққан студенттер әлеуметтік жәрдемақылармен толық қамтылған. Оған қоса жолақы, шәкіртақы берілуде. Колледждің біріккен кәсіподақ комитетінің атынан да «ерекше санаттағы» студенттерге қамқорлықтар қарастырылған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай әлеуметтік көмектер студенттердің өмірге деген құштарлығын арттырып, білім жолындағы игі ізденістерін шабыттандыра түседі.


Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді
2021 жылдың 23 қараша күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді» тақырыбында күзгі өнім түрлерінен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Көрмеге оқу орнының 1-2 курстарында оқитын 16 топ қатысып, берекелі күздің таңғажайып тартуларын жұртшылыққа ұсынды. Жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа, өнертапқыштыққа баулу мақсатында өткізілген көрмеде «Бас жүлдені» МБТ 20-1 тобы жеңіп алса, І орынды МКБ 21-9 тобы, ІІ орынды МДТ 21-9 тобы, ІІІ орынды ХБ 20-9, МДТ 21-9 топтары еншіледі. Көрме колледждің әлеуметтік-педагогы Ж.Балқыбекованың ұйымдастыруымен өткізілді.
Мейірімділік жүректе
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі әлеуметтік педагогының ұйымдастырумен 2021 жыл 4- сәуір күні «Мейірімділік жүректе» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – студент жастарды қайырымдылық жасауға, қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Акциядан түскен қаржы оқытушылар мен студенттерден құралған комиссияның қатысуымен колледждегі тұл жетім және мүгедек студенттерге тапсырылды.
Отбасы – аялы алақан мекені
2021 жыл 27 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі әлеуметтік педагогының жоспарына сай кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты отбасы құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, отбасы мүшелерінің бір – біріне жақсы қарым – қатынастарын дамыту, қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету. Тренинг барысында студенттер ата-аналарына хабарласып өздерінің жақсы көретіндерін айтып, ризашылығын білдірді.
Өмір-таңғажайып әлем!
2021 жыл 27 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің әлеуметтік педагогының жоспарына сай кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында
«Өмір-таңғажайып әлем!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: жасөспірімдерге өмірдің ғажайып дүние екендігін, өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге насихаттау, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Тренинг барысында жастар өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салды, өмір жайлы әнді бірге шырқады.
Мен өмірді сүйемін!
2021 жыл 26 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің педагог психологы А.Т.Қалубайдың ұйымдастыруымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты студенттердің өмірге деген құлшынысын арттыру, өмірге деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу.Тренинг соңында Ж.Байбаланованың «Мен сені сүйем, өмір!» әні бірге орындалды.
Қызға қырық үйден тыйым
2021 жыл 25 мамыр күні Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің ТБ 20-9 тобының кураторы М.Құрметованың ұйымдастыруымен кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Семинардың мақсаты адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу. Кеңеске колледж мейірбикесі А.Акимова, жастар ұйымының инспекторы Д.Абишева, әлеуметтік-педагог Ж.Балқыбекова қатысты.
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау-басты назарға қойылған.
Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау-басты назарға қойылған. 2021-2022 оқу жылы басында директор жанынан құрылған өндірістік кеңес әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған білім алушылардың іс-қағаздарымен танысып, ҚР үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсететін азаматтарға әлеуметтік көмектің түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» №320 қаулысы негізінде әлеуметтік көмек алушылардың тізімін анықтады.
Әлеуметтік көмек алатын білім алушылар санатына әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, түрлі топтағы мүгедек студенттер, көп балалы отбасынан шыққандар жатқызылады. Оларға жәрдемақы тағайындалып, шәкіртақы мен жолақыны уақытылы алу және жатақханадағы жай-күйі, психологиялық ақуалы, әлеуметтік тұрмыстық жағдайы үнемі назарда ұсталады. Жатақханада тұл жетім студенттер тегін орналастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған студентерге жеңілдік қарастырылған. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай әлеуметтік қолдаулар жастардың алаңсыз білім алуына жол ашып, болашаққа сеніммен қарауына негіз болады.
Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Жеке тұлғаның қабілеті мен қажеттілігіне лайық құзырлы білім мен тәрбие беру мақсатында колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер және ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізіледі.
Қыркүйек айынан әлеуметтік қызметтің негізгі жұмыстары жүргізілді:
-Әлеуметтік диагностика (тұлғаның жеке және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу)
-Әлеуметтік профилактика (тұлғаның әлеуметтік сәтсіздігінің алдын алу)
-Әлеуметтік коррекция (әлеуметтік түзету және оны дамыту)
-Әлеуметтік кеңес (мәселелерді шешуге көмектесу)
-Әлеуметтік білімді көтеру (әлеуметтік мәдениетті көтеру)