WORLDSKILLS

WORLDSKILLS ЖЕТІСТІКТЕРІ


Worldkills стандарттарының талаптары бойынша техникалық модельдеу тәсілдері

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі «Өнер» бөлімінде 23 қазан күні “Worldkills стандарттарының талаптары бойынша техникалық модельдеу тәсілдері” тақырыбында МКБ 20-9 тобында арнайы пән оқытушысы Сералиева Нуржамиланың жетекшілігімен шеберлік сыныбы өтті.
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының бітірушілерінің демострациялық емтиханға дайындауда олардың тігін бұйымдарын өңдеу барысында техникалық модельдеу тәсілдерін меңгеру , кәсіби шеберлігін дамыту. Студенттер өз кезегінде мамандығына деген қызығушылығы артып, белсенділік танытты .

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым!» тақырыбында байқау өтті.
Байқаудың мақсаты:

  • Білім алушыларды мамандыққа бейімдей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
  • Студенттердің функционалдық сауаттылығы мен мамандық мәртебесін арттыру;
  • Ұжымдық қарым- қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірбие алмасу;
  • қазіргі заманғы озық технологияны іс-әрекет түрлерінде қолдана отырып, баланың жан-жақты қабілетін, толыққанды дамуына қолдау көрсете білетін, білікті де, білімді, дарынды, шығармашыл білім алушыларды анықтау.
    Байқауға әділ-қазылық ету үшін «Ару-Бота» балабақшасының тәрбиешісі Багашева Гүлжаухар Апсадыковна мен «Балтабай-Ұлман» балабақшасының тәрбиешісі Сыздыкова Сапаргүл Оразалиевна, облыстық «Үздік тәрбиеші-2023» байқауының жүлдегері Жұбай Зарина Құралқызы шақырылды. Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының І-ІІ курс студенттері қатысты.
    Байқау қорытындысы бойынша МДТ 23-9 тобының студенті Мұратбай Әлия Ержанқызы «Дарынды тәрбиеші», МДТ 23-1 тобы Тұрсынова Диана Нұрланқызы «Білімді тәрбиеші», МДТ 23-1 тобы Бегжан Ұлдар Бегжанқызы «Зерек тәрбиеші», МДТ 22-9/1 тобының студенті Әбілда Жайна «Жаңашыл тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды.

Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша колледж жанынан құрылған «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім-тәжірибе-іскерлік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда сапалы білім берудің аспектілері: әдіс-тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Семинарға өңірдегі мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты:
Бастауыш білім беру мамандығы бойынша колледж және мектеп оқытушылары арасында тәжірибе алмасу;
Оқытушылардың жаңаша білім беру бағытында идеялары мен тәжірибелерін шоғырландыру, құзіреттілігін арттыру, кәсіби дамуына қолдау көрсету;
Мектеп пен колледж ұстаздары бас қосқан бұл семинарда тың идеялар мен көзқарастар ортаға салынды. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, мұғалім – үлкен білімнің, мәдениеттіліктің, жаңашылдықтың нышаны екенін тағы бір дәлелдеді.


Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық – техникалық колледжінің барлық ұстаздары мен студенттер қауымы 2022 жылдың 5-11 желтоқсан күндері Астанада өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2022» Республикалық чемпионатында «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша III орынды жеңіп алған Батырхан Дидар мен тәлімгер ұстазы Бекет Сапаркүлді, делегацияны бастап барған колледж директоры Л. Баймаханованы жеңімпаздарға ғана төселетін қызыл кілем арқылы жүргізіліп, қошемет көрсетіп, зор құрметпен оқу орны алдынан күтіп алды. Күтіп алу рәсімінің салтанатты жиыны мәжіліс залында жалғасып, алғашқы құттықтау сөз алған оқу орны басшысы Л. Баймаханова чемпионаттан алған әсерімен бөлісе келе, жеңімпаз Батырхан Дидар мен ұстазы Бекет Сапаркүлге шабыттандыру мақсатында 300 мың теңгеден сыйақы беретінін жария етті, жеңімпаздың ата – анасы Батырханов Ыбырай Әсетұлына өз атынан «Алғыс хат» тапсырды. Жиынға арнайы шақыртылған жеңімпаз студентіміз оқыған Д. Қонаев атындағы №9 мектеп – лицейінің басшысы болған, бүгінде «М. Горький атындағы мектеп – гимназия» директоры Р. Мұсабекова мен сынып жетекшісі А. Еспенбетовалар оқушысының биік жетістігіне шын көңілден қуанып, құрмет ретінде арнайы сыйлық тапсырды. Құттықтаулар соңы сазды бағдарламаға ұласып, көңіл көгінде әсем ән асқақтап тұрды.


WorldSkills Turkestan-2022

2022 жылдың 31 мамыр-3 маусым күндері Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «WorldSkills Turkestan-2022» облыстық чемпионатына Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінен 8 құзыреттілік бойынша студенттер қатысты.
2022 жылдың 4 маусым күні колледж ұжымы «WorldSkills Turkestan-2022» облыстық чемпионатына қатысушыларын құрметпен күтіп алды.
Колледж директоры п.ғ.к. Баймаханова Ләззат Алғибайқызы жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді. Жеңімпаздардың мерейлерін асқақтатып, ұжым алдында салтанатты түрде дипломдары мен медальондарын және сертификаттарын табыстады.
Аташов Сержан Құлдырақұлы жеңімпаздарға жыр шумаған арнады.
Сеніп едік, үмітті ақтадыңдар,
Қуаныңдар, шалқыңдар, мақтаныңдар.
Облыста асқақтаған ордам бағын,
Республикаға алсартпай ап барыңдар.
Ертең елге батырдай оралғанда,
Асқақ жырым, шырқалар тәтті әнім бар.
«Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша Исмурзаева Дана Маратқызы жүлделі 1орынға ие болды, жетекшісі Кузибаев Жасулан Бейсенұлы. Осы құзыреттілік бойынша Бас сарапшы Ташкенбаев Унербай Мауленұлы.
«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Батырхан Дидар Ибрайұлы жүлделі 1орынға ие болды, жетекшісі Бекет Сапаркул Бекетқызы.
«Хореографиялық ұжымның жетекшісі» құзыреттілігі бойынша Махутова Сабрина Адилбекқызы жүлделі 1орынға ие болды, жетекшісі Нағалиева Күлаш Айтбайқызы.
«Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша Нысанбек Бағлан Алипбекұлы жүлделі 1орынға ие болды, жетекшісі Шамсуллин Малик Менуллаұлы.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Ширинбек Айгерім Мамарахимқызы
жүлделі 2 орынға ие болды, жетекшісі Сералиева Нұржамила Тілеубайқызы.
«Бастауыш сыныпты оқыту» құзыреттілігі бойынша Бахыт Гүлбану Откырқызы
жүлделі 3 орынға ие болды, жетекшісі Жүсіпбекова Мөлдір Убайдуллақызы. Осы құзыреттілік бойынша Бас сарапшы Айдарханова Назым Ермаханқызы.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша Оңдыбай Жансая Талғатқызы «Ерекше медальонға» ие болды, жетекшісі Апбазова Зейнеп Ергешқызы.
Колледжіміз «WorldSkills Turkestan-2022» облыстық чемпионатына қатысқан 8 құзыреттіліктен
4 алтын, 1күміс, 1қола медаль, 1 ерешке медальон қанжығасына ілді.


2019 жылдың 17-18 қаңтар аралығында «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» чемпионатының талаптары негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша өткізілген «Үздік тәрбиеші – 2019» байқауында педагогика және психология пәнінің оқытушысы Зейнеп Апбазованың жетекшілігімен МДТБ15-9 тобының студенті Қыдыр Айдана ІІ орын иеленді. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары технологиясы» құзыреттілігі бойынша өткізілген «Үздік сәнгер – 2019» дефиле-байқауында колледж  жүлделі 2-орынға иеленді.

             2019 жылдың сәуір айының 18-і күні «WORLDSKILLS TURKESTAN-2019» облыстық чемпионатына үш құзыреттілік бойынша қатысып, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша педагогика-психология пәнінің оқытушысы Зейнеп Апбазованың жетекшілігімен МДТБ 16-9 тобының студенті Дана Хожан  қатысып  3-орынды жеңіп алды.

2019 жылдың сәуір айының 18-і күні «WORLDSKILLS TURKESTAN-2019» облыстық чемпионатына ІТ саласы «Электронды техника» құзыреттілігінің Web дизайн бағыты бойынша информатика пәнінің оқытушысы Сара Маматқасымның жетекшілігімен  КОШ 15-9 тобының студенті  Нұрисламбек Мүташ, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» құзыреттілігі бойынша Адина Баязитованың жетекшілігімен МКБ 15-9 тобының студенті Әсел Аманқос қатысты.

            2020 жылы «WORLDSKILLS TURKESTAN-2020» Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген “Бастауыш сыныптарды оқыту” құзіреттілігі бойынша облыстық чемпионатта МБТ 16-9 тобының студенті Абдрашова Ақерке, жетекшісі Жүсіпбекова Мөлдір Убайдуллақызы жүлделі 3-орынға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектепке дейінгі тәрбие құзыреттілігі бойынша, МДТ 17-1 тобының студенті Оспан Жансая, жетекшісі Апбазова Зейнеп Ергешқызы ерекше медальонға ие болды. Графикалық дизайн құзыреттілігі бойынша, КББ 16-9 тобының  студенті Хайрулла Абдусамат, жетекшісі Бекенова Жазира Мұхтарқызы да ерекше медальонға ие болды.