Арулар – асыл жандар

ІС-ШАРАЛАР КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде   ерлер қауымының  ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай “Арулар – асыл жандар” атты мерекелік әдеби сазды бағдарлама өтті.  Сазды бағдарлама барысында колледжіміздің ер жігіттері абзал ана, ару  әйел, сұлу қыз- келіншектерге арналған өлең жыр, ән мен би, көңілді қойылымдарын көрсетті.

  Мекеме директоры Л.Баймаханова ұстаз ана, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, «Алғыс хаттармен» марапаттады. Біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ө.Ағайдаров кәсіподақ атынан сыйлықтарын тарту етті