БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын республикалық көлемде атап өту және ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыреті мен өлеңдерін, әндерін таныту. Поэзияны түсіну, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің болашақ тұлғаларын даярлау арқылы сапалы қаламгерлер мен оқырмандар қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту