2021 жылдың 3 наурызында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыздар арасында «Зорлық –зомбылықсыз әлем – жақсы өмір» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция капитаны Ж. Шалбекова, Жастар ресурстық КММ инспекторы А. Рахманбердіқызы қатысты.
