Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге

СПОРТ

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні – Тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабылеті бар екенін білдіретін мереке. 9 мамырда Ұлы жеңіске 78 жыл. Бейбіт күннің жаршысындай қос мерекенің орны ерекше! 2023 жылдың 5 – мамыр күні Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» тақырыбында мерекелік сазды бағдарлама өтті. Бағдарламада отан қорғаушы айбынды азаматтарымыздың еңбегін үлгі ететін және Отан үшін от кешіп, жеңіс жолында ерліктің ерен үлгілерін көрсеткен майдангер аталармыздың өмірі жайлы видеороликтер көрсетілді. Мерекеге қатысушыларға өнерпаз оқытушылар мен шәкірттер  ән мен биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.