Еркін ел ұрпағы

СПОРТ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары негізінде 2023 жылдың 4 сәуір күні ережеге сәйкес сағат 11.00-де оқытушылар мен студенттердің қатысуымен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды.
Диктант жазудың мақсаты: -еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеті: -қазақстандақтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант жазуға 570 адам қатысты. Атқарылған жұмыс диктант жазуға қатысушыларға ұлттық рух, тың серпін беріп, қанаттандырды.